Іс-шара туралы
Еуразиялық академиялық кітапханалар тренингі Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындары кітапханаларының басшылары мен мамандарының көшбасшылық және кәсіби құзыреттерін дамытуға және жетілдіруге, жаңа идеяларды ынталандыруға және ақпараттық-кітапханалық қызмет көрсетудің заманауи инновациялық технологиялары мен түрлерін енгізуге бағытталған.

2012 жылдан бастап Назарбаев Университетінің Кітапханасы Қазақстан Республикасы жоғары оқу орындары кітапханалары қауымдастығымен бірлесіп, заманауи ақпараттық технологиялар мен кітапхана ісі саласындағы озық тәжірибемен бөлісіп, әртүрлі форматтағы кәсіби іс-шаралар өткізіп келеді.
Тренинг туралы ақпарат
Тақырыбы
Жасанды интеллект және трансформация дәуіріндегі кітапханашы: дағдарыс жағдайында тұрақты шешімдер іздеудегі жаңа рөлдер, дағдылар және
кәсіби бірегейлік

Өткізу күндері
Дүйсенбі–жұма, 2026 жылғы 30 қараша – 4 желтоқсан

Өткізу орны
Белсенді оқыту залы (5Е.438), Назарбаев Университеті Кітапханасы (5-блок, Қабанбай батыр даңғылы, 53, Астана қ., Қазақстан Республикасы, 010000)

Қатысу ақысы
60 000 теңге
Тақырыбы: Жасанды интеллект және трансформация дәуіріндегі кітапханашы: дағдарыс жағдайында тұрақты шешімдер іздеудегі жаңа рөлдер, дағдылар және кәсіби бірегейлік

Оқыту бағдарламасы мынадай тақырыптарды қамтиды:
  • Кітапхана: халықаралық ынтымақтастық, тиімді кеңістіктер
  • Жасанды интеллектпен жұмыс істеу сауаттылығы
  • Кітапханада ғылыми зерттеулерді қолдау
  • Кәсіби дағдылар, цифрлық технологиялар және қызметтер
  • Оқыту және оқытуды қолдау: саладағы үрдістер және дағдыларды дамыту
  • Академиялық кітапханалардағы каталогтау, қорды қалыптастыру және электрондық ресурстар
Бағдарлама
Серіктес
  • Қауымдастық 2012 жылы Қазақстан Республикасы жоғары оқу орындары кітапханалары басшыларының бастамашыл тобымен құрылған. Қауымдастық жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында кітапхана және ақпараттық қызмет көрсетуді дамытуға және жетілдіруге, сондай-ақ кітапхана мамандарының кәсіби мүдделерін қорғауға және ілгерілетуге бағытталған.
Байланыс ақпараты
Қосымша ақпарат алу үшін:
Жалпы сұрақтар бойынша: +7 (7172) 70 92 43 – Толкын Джангулова
Тіркеу сұрақтары бойынша: +7 (7172) 70 48 93 – Гүлжан Байдюсенова
Электрондық пошта: ealt@nu.edu.kz