News_KZ

“National Book Day: Unlock the World of Books”

23 сәуірде НУ Кітапханасының қабырғасында Ұлттық кітап күніне орай “National Book Day: Unlock the World of Books” атты іс-шара өтті.

Қатысушылар өздерінің сүйікті шығармалары және авторларымен ықыласпен бөлісіп, оқырмандық жолы туралы әңгімелесті. Іс-шара барысында кітап оқудың маңыздылығы мен көркем сөздің тұлға қалыптасуындағы және өзін-өзі танудағы ерекше рөлі туралы ойлар бірнеше рет айтылды.

Іс-шара әдеби викторинамен аяқталды, оған қонақтар қызығушылықпен қатысып, өздерінің білімін және кітапқа деген сүйіспеншілігін көрсетті.
Іс-шаралар