News_KZ

2025 жылдың 14 қаңтарында Таиланд Корольдігінің Елшілігі НУ Кітапханасына кітаптарды сыйға тартты

2025 жылғы 14 қаңтарда Қазақстан Республикасындағы Таиланд Корольдігінің Елшілігі Назарбаев Университетінің Кітапханасына Таиландтың бай мәдени және білім беру мұрасын бейнелейтін кітаптарды сыйға тартты.

Бұл құнды сыйлық топтамасына Таиландтың тарихы, өнері, мәдениеті мен тілі туралы әдебиеттер, сондай-ақ студенттер мен оқытушыларға пайдалы болатын ғылыми басылымдар кіреді. Кітаптар Мәдениет залында (5e.334) қолжетімді болады.

НУ Кітапханасы Таиланд Корольдігінің Елшілігіне біздің коллекциямыздың дамуына қосқан үлесі үшін шын жүректен алғысын білдіреді. НУ қауымдастығының барлық мүшелерін және кітапхана қонақтарын біздің жаңа келіп түскен кітаптарымызбен танысуға шақырамыз.
2025-01-14 20:04 Хабарландыру Ресурстар