News_KZ

#EALC2026: Біздің негізгі баяндамашымыз — Брайан Розенблум

Назарбаев Университетінің Кітапханасы Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің және Қазақстан Республикасы университеттік кітапханалар қауымдастығының қолдауымен Сізді 14-ші Еуразиялық академиялық кітапханалар конференциясына (EALC 2026) қатысуға шақырады.

Өтетін күні мен орны: 22–23 қазан, 2026 жыл. Назарбаев Университеті, Астана қаласы, Қазақстан Республикасы.

Конференция кітапхана-ақпараттық қызмет саласындағы кәсіби диалогты дамытуға және озық тәжірибелермен алмасуға бағытталған. Бағдарлама академиялық кітапханалардың дамуының өзекті үрдістерін талқылауға, инновациялық технологияларды енгізуге және кітапхана қауымдастығындағы халықаралық ынтымақтастықты нығайтуға бағытталған.

Конференция тілдері: қазақ, орыс, ағылшын.

Біздің негізгі баяндамашымыз — Брайан Розенблум, Канзас Университеті кітапханалары жанындағы Жаһандық кітапханатану институтының директоры, халықаралық серіктестіктерді, бағдарламалар мен алмасу жобаларын дамытуға жетекшілік етеді. 2010-2025 жылдары ол Канзас Университетінің Гуманитарлық ғылымдар саласындағы цифрлық зерттеулер институтының негізін қалаушы тең директоры қызметін атқарды.

Негізгі баяндаманың тақырыбы: Қазақстан даласынан Канзас жазығына дейін: кітапханалардың шекарасыз ынтымақтастығы

Қосымша ақпарат және тіркелу келесі сілтеме бойынша қолжетімді.

Сіздердің қатысуларыңызға қуанышты боламыз және нәтижелі кәсіби ынтымақтастыққа үміт білдіреміз.
2026-05-29 17:59 Іс-шаралар