NU кітапханасы сіздерді 20-24 қазан аралығында өтетін Халықаралық ашық қолжетімділік апталығы 2025аясындағы іс-шараларға қатысуға шақырады. Биылғы жаһандық тақырып — «Білім кімге тиесілі?».
Апта барысында NU кітапханашыларының NU репозиторийі, Creative Commons лицензиялары және ашық қолжетімділік журналдарында жариялау тақырыптарындағы воркшоптары, сондай-ақ ашық қолжетімділік тәжірибесі мен жетекші баспалармен жасалған трансформативтік келісімдерге арналған NU оқытушыларымен Coffee Talk өтеді.
Сонымен қатар Instagram Reels байқауы, Бас кітапханадағы тақырыптық кітап көрмесі және NU қауымдастығының ашық қолжетімділікке арналған бейнерефлексиялары ұсынылады.
Ашық білімнің болашағын бірге талқылауға және белсенді қатысуға шақырамыз!