Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздер күні құтты болсын!
Мемлекеттік рәміздер Қазақстан Республикасының бірегейлігі мен егемендігін бейнелейді және еліміздің әрбір азаматы үшін шабыт пен мақтаныштың қайнар көзі болып табылады.
Мемлекеттік Ту бейбітшілік, амандық және жарқын болашақты білдіреді, Мемлекеттік Елтаңба халқымыздың бай мәдени мұрасы мен ұлт бірлігін көрсетеді, ал Мемлекеттік Әнұран «Менің Қазақстаным» Отанға деген мақтаныш, патриоттық сезім мен сүйіспеншілікті арттырады.