Қазақстан мен Орталық Азияда алғаш рет NU Bloomberg Trading Challenge 2024 байқауы өтті
Қазақстан мен Орталық Азияда алғаш рет Nazarbayev University Bloomberg Trading Challenge 2024 — Bloomberg терминалдарында инвестициялау бойынша жарыс ұйымдастырылды. NU кітапханасы осы жобаның бастамашысы болып, мектептер, студенттік клубтар мен Bloomberg компаниясы арасында ынтымақтастықты сәтті ұйымдастырды.
Нәтижесінде, NU-дың мектептерінен 200 қатысушы жиналды. Қатысушылар қазіргі әлемде маңызды трейдинг дағдыларын игеру мүмкіндігіне ие болды.
Кітапхана Бизнес жоғары мектебінің декандары мен профессорларына, сондай-ақ Гуманитарлық мектептің Экономика кафедрасының барлық әріптестеріне қолдауы үшін алғыс білдіреді. Бағалы үлес қосқан Айгерім Сәрсенбаева мен Бектемір Исмаиловқа алғысымыз шексіз.
Bloomberg компаниясы іс-шараны ұйымдастыруда белсенді қолдау көрсетті, студенттерге онлайн және оффлайн сессиялар өткізді, сондай-ақ жеңімпаздарға сыйлықтар ұсынды. Жеңімпаздар өз командаларын Bloomberg-тың жаһандық трейдингіне қосу кепілдіктерін алды.