News_KZ

Әсемгүл Темірханованы НУ Кітапханасының директоры қызметіне тағайындалды

НУ Кітапханасы Әсемгүл Темірханованың Кітапхана директоры қызметіне тағайындалғанын хабарлайды.

Әсемгүл Темірханова кітапхана және ақпарат саласында 20 жылдан астам тәжірибесі бар білікті маман. Өзінің кәсіби жолында екі кітапхананың іргетасын қалауға, олардың жүйелі түрде қалыптасуы мен дамуына елеулі үлес қосты. НУ кітапханасында бөлім басшысы болып қызмет етіп, 2017–2021 жылдар аралығында Директордың міндетін атқарды. Сонымен қатар, Riviera International School кітапханасында бас кітапханашы ретінде IB бағдарламасын қолдап, академиялық адалдық қағидаттарын ілгерілетті.

Әсемгүл білім беру саласы бойынша дәрежеге ие және «Кітапхана ісі және ақпараттық ғылымдар» бағыты бойынша Эдмунд С. Маски атындағы стипендияның иегері. Оның кәсіби құзыреттеріне кітапхананы басқару, қорды қалыптастыру және толықтыру, академиялық адалдықты дамыту және кітапханалық технологияларды енгізу кіреді.

НУ Кітапханасы Әсемгүл Темірханованы жаңа қызметімен шын жүректен құттықтайды және оның басшылығымен университет қауымдастығымен өзара қарым-қатынастың әрі қарай дамуына сенім білдіреді.
Біздің Кітапханашылар