News_KZ

ВАКАНСИЯ: Оқу және оқытуды қолдау кітапханашысы (2 бос орын)

Егер сізде ақпараттық сауаттылық, академиялық қолдау және заманауи білім беру технологиялары саласында тәжірибеңіз бен біліктілігіңіз бар болса? Біз Назарбаев Университеті Кітапханасының Оқу және оқытуды қолдау бөліміне Оқу және оқытуды қолдау кітапханашы лауазымына екі маманды жұмысқа шақырамыз.

Бұл қызметте сіз:
  • Ақпараттық, медиалық, цифрлық және жасанды интеллект сауаттылығы бойынша бағдарламаларды әзірлеп өткізесіз
  • Білім беру бастамаларын қолдау мақсатында академиялық бөлімшелермен ынтымақтастық орнатасыз
  • Оқу материалдарын, нұсқаулықтарды және онлайн оқыту ресурстарын әзірлейсіз
  • Кеңес беріп, анықтамалық-ақпараттық қызметтер көрсетесіз
  • Баспа және электрондық кітапхана қорларын дамытуға қатысасыз
  • Кітапхана қызметтері мен ресурстарын цифрлық платформалар мен ақпараттық іс-шаралар арқылы насихаттайсыз
  • Академиялық кітапханалар қауымдастығында кәсіби даму мен тәжірибе алмасу жұмыстарына қатысасыз

Бұл - халықаралық академиялық ортада жұмыс істеуге, білім беру мен ғылыми зерттеулерді қолдауға, сондай-ақ заманауи кітапханалық қызметтер мен білім беру бағдарламаларын дамытуға үлес қосуға тамаша мүмкіндік.

Вакансия туралы толық ақпарат және өтінім беру.
Хабарландыру Біздің Кітапханашылар