ЕРТЕ ТІРКЕЛУ: 14-ші Еуразиялық академиялық кітапханалар конференциясы (EALC-2026)
Назарбаев Университетінің Кітапханасы Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің және Қазақстан Республикасы университеттік кітапханалар қауымдастығының қолдауымен Сізді 14-ші Еуразиялық академиялық кітапханалар конференциясына (EALC 2026) қатысуға шақырады.
Конференция тақырыбы: Кітапхана – қауымдастықтарды байланыстыратын диалог алаңы
Өтетін күні мен орны: 22–23 қазан, 2026 жыл. Назарбаев Университеті, Астана қаласы, Қазақстан Республикасы.
Конференция тілдері: қазақ, орыс, ағылшын.
Тіркеу
31 шілде 2026: Ерте тіркелу мерзімінің аяқталуы
1 қазан 2026: Тіркелу мерзімінің аяқталуы
Қосымша ақпарат және тіркелу келесі сілтеме бойынша қолжетімді.
Сіздердің қатысуларыңызға қуанышты боламыз және нәтижелі кәсіби ынтымақтастыққа үміт білдіреміз.