НУ Кітапханасының сарапшысы Қазақстан Республикасы Конституциялық Сотының конференциясына қатысты
30 маусым күні Қазақстан Республикасының Конституциялық Соты жаңа Қазақстан Республикасы Конституциясының күшіне енуіне орайластырылған «Жаңа Конституция: орнықты дамудың институционалдық және құқықтық негізі» атты ғылыми-практикалық конференция өткізді.
Конференция жұмысына мемлекеттік органдар, Парламент, сот жүйесі, адвокатура, халықаралық ұйымдар, ғылыми және сарапшылық қоғамдастық өкілдері, сондай-ақ еліміздің және шетелдің жетекші жоғары оқу орындарының ғалымдары мен сарапшылары қатысып, 150-ден астам адам куә болды.
НУ Кітапханасының ассистивті технологиялар және қолжетімділік жөніндегі сарапшысы Зият Абдықаимов «Жаңартылған конституциялық кепілдіктер аясындағы цифрлық құқықтар мен цифрлық инклюзия» тақырыбында баяндама жасап, сондай-ақ Брайль қарпімен басылып шығарылған Қазақстан Республикасы Конституциясы басылымының таныстырылымына қатысты. Таныстырылым ел азаматтарының барлығына Ата Заң мәтініне тең қолжетімділікті қамтамасыз етуге бағытталған Үкіметтің «Инклюзивті қоғам үшін Конституция» бастамасы аясында өтті.