Назарбаев Университетінің Кітапханасы Пайдаланушыларға қызмет көрсету кеңсесінің (Patron Services Office) менеджері ретінде командамызға қосылған Ернар Ергешті қуана қарсы алады.
Ернар Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде «Кітапханалық ақпараттық жүйелер» мамандығы бойынша білім алған. Бұған дейін Ернар Алматы қаласындағы Жамбыл атындағы жасөспірімдер кітапханасында, Қазақстан Республикасы Ұлттық кітапханасында және Алматы қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің кітапханасында жұмыс істеп, құнды кәсіби тәжірибе жинақтады.
Ернарға жаңа қызметінде толағай табыс тілейміз. Оның жаңа белестерді бағындырып, университет дамуына елеулі үлес қосатынына сенімдіміз.