Ұлттық Кітап күнің тойлау: Қазақ әдебиетінің байлығымен таңысыңыз
Қазақстанда 23 сәуірде атап өтілетін Ұлттық кітап күніне орай НУ Кітапханасы қазақ әдебиетінің бай мұрасына арналған арнайы кітап көрмесіне шақырады.
Көрмеде қорымыздан таңдамалы әдебиеттер ұсынылған: халық ауыз әдебиеті мен эпостық жырлардан бастап, көрнекті ағартушылардың, ХХ ғасырдағы әдебиет қайраткерлерінің және қазіргі заман авторларының шығармаларына дейін. Әрбір кітап Қазақстанның тарихы, мәдениеті және зияткерлік мұрасы туралы ерекше мағлұмат береді.
Жаңа туындылармен танысып, таныс шығармаларға қайта оралып, оқудың ләззатын сезініңіз.