News_KZ

Еуразиялық академиялық кітапханалар тренингі (EALT-2025)

НУ Кітапханасы Қазақстан Республикасының университет кітапханалары қауымдастығымен бірлесе отырып, кітапхана қызметкерлері мен ақпараттық ғылым мамандарын Еуразиялық академиялық кітапханалар тренингіне қатысуға шақырады. Еуразиялық академиялық кітапханалар тренингі Кітапханалық технологиялар мектебінің (КТМ) жетілдірілген және кеңейтілген бағдарламасы болып табылады. Тренинг кітапхана қызметі саласындағы мамандардың білімі мен кәсіби құзыреттілігін дамытуға және жетілдіруге бағытталған. Жаңа инновациялық бағдарлама ҚР академиялық кітапханалары қызметкерлерінің ақпараттық және кәсіби қажеттіліктерін қамтиды.

Тақырыбы: “Стратег рөліндегі кітапханашының көшбасшылық әлеуетін дамыту”.

Оқыту бағдарламасы келесі тақырыптарды қамтиды:
  • Жасанды интеллектпен жұмыс істеу сауаттылығы;
  • Оқу мен оқытуды қолдау бойынша кітапханалық қызметтерді дамыту;
  • Университеттің ғылыми және білім беру қызметін ақпараттық-кітапханалық қолдауды жетілдіру;
  • Білім мен тәжірибе алмасу дағдыларын дамыту.
  • Кітапхана қызметінің тиімділігін арттыру мен тартымдылығының стратегиялық бағыттары.

Тренинг өткізілетін орны мен уақыты: НУ кітапханасы, Қабанбай батыр даңғылы, 53, Астана қ., 2025 жыл, 1-5 желтоқсан.

Тренинг туралы ақпарат, сондай-ақ қатысушының тіркеу формасы НУ кітапханасының сайтында қыркүйек айында қолжетімді болады https://library.nu.edu.kz/ru/ealt
Іс-шаралар