НУ Кітапханасы зерттеушілерге, оқытушыларға және магистранттар мен докторанттарға жарияланым үшін журнал таңдауда негізделген шешім қабылдауға және ғылыми зерттеулерінің көрінуін арттыруға көмектесетін бірқатар маңызды ресурстарды жаңартты.
Енді зерттеушілер пәндік санаттар бойынша жүйеленген, CiteScore 2025 көрсеткіштері енгізілген Scopus-та индекстелетін Q1 журналдарының жаңартылған тізіміне қол жеткізе алады. Журналдарды іздеуді жеңілдету мақсатында тізім ғылыми бағыттар бойынша құрылымдалған.
Сонымен қатар, кітапхана Назарбаев Университетінің келесі баспалармен жасалған трансформациялық келісімдері аясында жарияланым шығындары қамтылатын Q1 журналдарының тізімдерін жаңартты:
Жауапты жарияланым тәжірибесін қолдау мақсатында нұсқаулыққа жыртқыш басылымдарға (Predatory Publishing) арналған арнайы бөлім, сондай-ақ зерттеушілерге сенімсіз баспалар мен журналдарды анықтауға және олардан сақтануға көмектесетін «Жыртқыш журналдар тізімдері» (Lists of Predatory Journals) атты жаңа бөлім енгізілді.
Ресурстармен танысыңыз:
Сұрақтар бойынша келесі мекенжайға хабарласуыңызды сұраймыз: library@nu.edu.kz.

- Wiley
- Oxford University Press
- Cambridge University Press
- Association for Computing Machinery (ACM)
Жауапты жарияланым тәжірибесін қолдау мақсатында нұсқаулыққа жыртқыш басылымдарға (Predatory Publishing) арналған арнайы бөлім, сондай-ақ зерттеушілерге сенімсіз баспалар мен журналдарды анықтауға және олардан сақтануға көмектесетін «Жыртқыш журналдар тізімдері» (Lists of Predatory Journals) атты жаңа бөлім енгізілді.
Ресурстармен танысыңыз:
- «Зерттеулерді қолдау» беті: https://library.nu.edu.kz/kz/research
- LibGuide «Selecting a Journal for Publication»: https://nu.kz.libguides.com/journal_for_publication
- LibGuide «Open Access Publishing Agreement»: https://nu.kz.libguides.com/staffandphd/openaccesspublishing