Оқу бөлмесіне осы жерден тапсырыс беріңіз.

ОҚИҒАЛАР КҮНТІЗБЕСІ

NURIA

 

Жаңалықтар мен оқиғалар

Әл-Фараби-Шығыстың ұлы ғалымы

Сіздерге 23 желтоқсанда сағат 15.00-ден 16.00-ге дейін ZOOM платформасы арқылы Әбу Насыр Әл - Фарабидің 1150 жылдығына арналған "Әл-Фараби-Шығыстың ұлы ғалымы" атты онлайн тарихи-танымдық викторина өтетіндігін хабарлаймыз.

Іс-шара 3 турда өтеді.

1 тур. Үй тапсырмасы. Онлайн ойын кезінде ұсыну үшін команданың атын, ұранын, эмблемасын таңдаңыз. Команда капитанын таңдаңыз.

2 тур. "Блиц турнирі" сұрақ-жауап (жауап нұсқалары бар 10 сұрақ. "Әл-Фараби" кітабын оқыңыз, авторы А. Х. Қасымжанов)

3 тур. Үй тапсырмасы. Синквейн құрастыру (синквейн-бұл бес жолдан тұратын өлең құрастыруды білдіретін әдістемелік нысан)

Онлайн-викторинаға әр командадан 12 адамға дейін 3 команда қатысады. Сізден төменде көрсетілген сілтеме арқылы өз атыңызды, мектебіңізді мекен жайыңызды 20 желтоқсанға дейін жібере отырып, алдын ала тіркелуіңізді сұраймыз.


1-ші орынға ие болған команданың барлық мүшелері сыйлықтар алады. Жүлделерді университет кампусына оралғаннан кейін ала аласыз.


Іс-шара орыс тілінде өтеді.
    Source:
  • -
◄ Артқа