11.03.2019
Балалар оқу залының ашылуы
10 Наурыздан бастап cіздерге Балалар оқу залының ашылуы туралы хабарлаймыз. Ол кітапхананың 2-ші қабатындағы
кеңейтілген аймағында 5Е.224 бөлмесінде орналасқан.
Жұмыс уақыты:
Дүйсенбі-Жұма: 8:30-дан – 21:00-ге дейін
Сенбі-Жексенбі: 11:00-ден – 19:00-ге дейін
Балалар оқу залын қолдану ережесі:
Балалар оқу залының кілтін 2-ші қабаттағы кітапханашы үстелінен өз ID картаңызға айырбастап ала аласыз.
Балалар оқу залын қолдану уақты шектелмеген.
Балаларды ата-аналарының немесе қамқоршыларының қарауынсыз қалдыруға болмайды.
Балалар оқу залынан ID картаңызды қолданып, өз аккаунтыңызға кітап ала аласыз.