Оқу бөлмесіне осы жерден тапсырыс беріңіз.

ОҚИҒАЛАР КҮНТІЗБЕСІ

NURIA

 

Жаңалықтар мен оқиғалар

COVID-19: ХАБАРЛАНДЫРУ

2020 жылдың 13-наурызында Назарбаев Университетінің Президенті мен Провосты жіберген маңызды хабарландыруға байланысты Кітапхана сіздерге келесі ақпаратты хабарлайды:

 1. КІТАПХАНА ҚҰРАЛДАРЫ:
     Сіздерге аккаунтыңыздағы материалдарды кітапханаға қайтаруға мүмкіндік пайда болғанға дейін ұстап тұруға болады және кешіктірілген кітаптар үшін кітапхана Сіздерге ешқандай айыппұл немесе шектеулер қоймайды;

2. КІТАПХАНАНЫҢ ЖҰМЫС УАҚТЫ:
Сіздерге 2020 жылдың 6-cәуірінен 30-сәуірге дейін кітапхана барлық келушілерге жабық болатытын хабарлаймыз.

3. ОНЛАЙН ҚЫЗМЕТТЕР:

    Кітапхананың электрондық ресурстарын кампустан тыс 24/7 қолдана аласыз. Мына сілтемені қараңыз FAQ.

    Кітапханашыға сұрақ қою, Чат, Кітапханааралық абонемент қызметтері сол бұрыңғы қалпында Дүйсенбі-Жұма күндері аралығында 8:30 дан 17:30 ға дейін кітапхана сайты арқылы жұмыс істейді;

   Электрондық ресурстарға кампустан тыс 24/7 бойы кітапхана сайты арқылы қол жеткізе аласыздар.

4. МАҢЫЗДЫ АҚПАРАТ! Кітапхананың алдағы уақыттағы дезинфекциялау шарасына байланысты, кітапханада қалған бүкіл оқу құралдарыңызбен жеке заттарыңызды шұғыл түрде алып кетулеріңізді сұраймыз.

5. СЫРТТАН КЕЛУШІЛЕРГЕ:
    Сырттан келушілер мен уақытша тұтынушыларға 14-наурыздан бастап тиісті рұқсаттама шыққанша кампусқа және кітапханаға кірулеріне рұқсат етілмейді.

6. БАҒДАРЛАМАЛАР ЖӘНЕ МЕРЕКЕЛІК ІС-ШАРАЛАР:
    Барлық бағдарламалар мен мерекелік іс-шаралар тиісті рұқсаттама шыққанша кейінге шегерілді.

Кітапханадан келген хабарландыруларды мұқият оқуыңызды, кітапхана сайтында немесі әлеуметтік желілердегі парақшаларымызда жарияланатын хабарларды тексеріп отыруыңызды сұраймыз.

Қандай да бір сұрақтарыңыз болса, library@nu.edu.kz поштасына жазуыңызға болады.

Денсаулығыңызға сақ болыңыз!

Құрметпен,
    Source:
  • -
◄ Артқа