Оқу бөлмесіне осы жерден тапсырыс беріңіз.

ОҚИҒАЛАР КҮНТІЗБЕСІ

NURIA

 

Жаңалықтар мен оқиғалар

Disability Talks

Қоғамның назарын мүгедектігі бар адамдардың құқықтарын қамтамасыз ету мәселелеріне аудару және олардың әлеуметтік ықпалдасуына жәрдемдесу мақсатында Назарбаев Университетінің Кітапханасы «NU Alumni» ҚБ-мен бірлесе отырып, қоғамдағы мүгедектік және инклюзивтілік тақырыбына арналған және БҰҰ-ның мүгедектердің құқықтары туралы Конвенциясын Қазақстанда ратификациялауының бес жылдығына орайластырылған «Disability Talks 2020» іс-шаралар циклінің іске қосылғанын хабарлайды.


Цикл шеңберінде 2020 жылы мүгедектігі бар адамдардың құқықтарын қамтамасыз етудің және өмір сүру сапасын жақсартудың өзекті мәселелері бойынша диалог құру мақсатында сарапшылардың, құқық қорғаушылардың, қазақстандық мүгедектер қауымдастығы көшбасшыларының, қоғам қайраткерлерінің және басқа да мүдделі тұлғалардың қатысуымен кездесулер, пікірталастар, ашық дәрістер ұйымдастырылатын болады.


2015 жылғы ақпан айында Қазақстан Республикасы БҰҰ-ның мүгедектер құқықтары туралы Конвенциясын ратификациялап, сол арқылы қоғам өмірінің барлық аспектілерінде мүгедектігі бар адамдардың құқықтары мен интеграциясын қамтамасыз ету жөніндегі өзінің міндеттемесін растады.

Өткен бес жыл ішінде Қазақстан мүгедектігі бар тұлғалардың өмір сүру сапасын жақсартуда елеулі жетістіктерге қол жеткізді, әлеуметтік инклюзия тақырыбы көпшілік кеңістігінде жиі және айқын естіле бастады. Алайда, кедергісіз ортаны қамтамасыз ету, медициналық қызметтерге, цифрлық ортаға, сапалы білім беру мен жұмыспен қамту мәселелеріне қол жетімділік шешілмеген күйінде қалып отыр және мемлекет, азаматтық қоғам және мүгедектігі бар адамдардың өздері тарапынан үйлесімді әрекеті мен қатысуын талап етеді. Мүгедектігі бар адамдардың құқықтарын қорғаудың ұлттық институттары Мүгедектердің құқықтары туралы конвенцияның талаптарына сәйкес келмейді. Қолданыстағы жүйе мен тетіктер оларды конвенцияның 33-бабына сәйкес келтіру мақсатында реформалауды қажет етеді, бұл ұзақ мерзімді перспективада қалыптасқан кемсітушілік тәжірибені еңсеруге және әлеуметтік қорғау саласындағы неғұрлым тиімді
саясатына көшуге көмектеседі.

Iс-шаралар кестесі туралы толық мәліметті кітапхананың күнтізбесінен оқи аласыз
    Source:
  • -
◄ Артқа