Оқу бөлмесіне осы жерден тапсырыс беріңіз.

ОҚИҒАЛАР КҮНТІЗБЕСІ

NURIA

 

Жаңалықтар мен оқиғалар

EALC-2022

2022 жылдың 27-28 қазан аралығында Назарбаев Университетінің кітапханасында Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі мен Қазақстан Республикасы жоғары оқу орындарының кітапханалары қауымдастығы ұйымдастырған «Білім мен кітапханаларға ашық қолжетімділік: жетістіктер мен үрдістер» атты АКАДЕМИЯЛЫҚ КІТАПХАНАЛАРДЫҢ 11-ШІ ЕУРАЗИЯЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯСЫ (EALC-2022) өтті.

Конференцияға әлемнің 14 елінен (Беларусь, Италия, Қазақстан, Канада, Қырғызстан, Нидерланды, Ресей, АҚШ, Тәжікстан, Түркіменстан, Түркия, Өзбекстан, Украина және Филиппин) ақпараттық қызмет және кітапхана ісі саласындағы 100-ден астам мамандар қатысты.

Білім мен ғылымға ашық қолжетімділікті қамтамасыз етудегі және кітапханалардың, ең алдымен Орталық Азиядағы кітапханалардың халықаралық ынтымақтастығын дамытудағы өзекті мәселелері бойынша 36 баяндама тыңдалып, талқыланды.

Келесі компаниялар, яғни ақпараттық ресурстар мен өнімдерді өндірушілер және жеткізушілер, конференцияның демеушісі болды:
* Платина: Elsevier, Mikro Information Handling and Distribution FZE, MA Group AG
* Алтын: Clarivate, Wiley, ID Logic, The Wall Street Journal, InfromaScope, ChronosHub
* Күміс: Cambridge University Press, EBSCO, Oxford University Press, Emerald Publishing
* Қола: Springer Nature

Конференция туралы толығырақ ақпаратты мына сілтемеден табасыз: https://nu.kz.libguides.com/EALC-2022_KZ

Спикерлердің презентациялары Назарбаев Университетінің репозиторийінде келесі сілтеме бойынша қолжетімді: https://nur.nu.edu.kz/handle/123456789/6739

Фото https://www.facebook.com/Nazarbayev.University.Library

    Source:
  • -
◄ Артқа