Оқу бөлмесіне осы жерден тапсырыс беріңіз.

ОҚИҒАЛАР КҮНТІЗБЕСІ

NURIA

 

Жаңалықтар мен оқиғалар

Локерлер

Кітапханада оқу материалдарын және жеке заттарыңызды сақтауға арналған локерлерді жалдауға болады.
Локерлер кітапхананың 2-ші және 3-ші қабатындағы 5-блок кеңейтілген аймағында орналасқан.


Локерлер бар болған жағдайда жалға беріледі.

Локердің кілтін 5-блоктың 1-ші қабатындағы күзет үстелінен, өз ID картаңызға айырбастау арқылы жалдай аласыз (құжаттың басқа түрлері қабылданбайды).
Кілтті қайта тапсырған кезде, локерден барлық заттарыңызды алып, кілттеп тапсыруыңызды сұраймыз. Локерде ештеңе қалдырмаңыз.
Локерде келесі нәрселерді сақтауға тыйым салынады:
     аккаунтыңызға енгізілмеген кітапхана материалдарын
     тамақ және сусын
     тез бүлінетін және қауіпті заттар
Кітапхана, күзет және еден жуу қызметшілері локерде сақталған заттардың жоғалуына және зиян келуіне  жауапкершілік алмайды.

Кілтті жоғалтқан жағдайда:
1. 5Е.110 кеңсесінен кілт алыңыз (блок менеджері - Юлия Ивлева)
2. Өз есебіңізден кілттің көшірмесін жасатыңыз
3. Кілттің түпнұсқасын блок менеджеріне, ал көшірмесін күзетшіге қайтарыңыз. Кілттің көшірмесін күзетшіге  қайтарған соң, өз ID картаңызды қайтарып ала аласыз.
    Source:
  • -
◄ Артқа