05.05.2015
Loeb Classical Library қорына жаңа жазылым
Loeb Classical LibraryЛоубтың
классикалық кітапханасы грек және латын әдебиетін барынша кең
оқырмандар қауымына қолжетімді етеді. Harvard University Press өзара
байланысқан, толығымен іздеуге жататын, үнемі өсіп отыратын, грек және
латын әдебиетіне қажеттілердің барлығын жинақтаған виртуалды кітапхананы
назарыңызға ұсынады. Дастандық және сыршылдық жыр; Трагедия және
комедия; Тарих, саяхат, философия және шешендік өнер; Ұлы медицина
жазушылары мен математиктері; пұтқа табынушылық мәдениетіне үлес қосқан
Шіркеу Әкелері; қысқаша айтқанда, барлық Грек және Латын классикалық
мұрасы қазіргі заманғы мәтіндер мен дәл ағылшын аудармаларымен
көрсетілген. Қолданушыларға контентті қарауға, іздеуге, бетбелгі және
аннотация жасауға және ақпаратпен жеңіл бөлісуге мүмкіндік беретін 520
томнан астам латын, грек және ағылшын мәтіндері қазіргі заманғы және
кербез интерфейсте қолжетімді.