27.06.2022
Инклюзивті орта құру
Назарбаев Университетінің Кітапханасы мүгедектiгi бар студенттерге инклюзивті орта құру тәжірибесін таратуды жалғастыруда.
2022 жылдың 3 маусымында Зият Әбдіқайымов, Кітапхананың көмекші технологиялар және қолжетімділік жөніндегі сарапшы менеджерi, жоғары оқу орындарындағы мүмкіндігі шектеулі студенттерді қолдау жөніндегі М.Әуезов атындағы ОҚУ Ақпараттық білім беру орталығында «Теңдік құқығы» атты дөңгелек үстелге қатысты.