Оқу бөлмесіне осы жерден тапсырыс беріңіз.

ОҚИҒАЛАР КҮНТІЗБЕСІ

NURIA

 

Жаңалықтар мен оқиғалар

SauattyKeleşek жобасы шекарасын кеңейтуде

НУ кітапханашылары мектеп кітапханашыларының медиа және ақпараттық сауаттылығын дамытуға бағытталған SauattyKeleşek жобасын жүзеге асыруды жалғастыруда.


12-14 маусым аралығында "Балдәурен" республикалық оқу-сауықтыру орталығы (Щучинск қ.) базасында ҚР Білім және ғылым министрлігінің Республикалық ғылыми – педагогикалық кітапханасының ұйымдастыруымен "Оқуға құштар мектеп жобасы-заман талабы" атты Республикалық семинар өтті. Семинар барысында жоба командасы жобалық бағдарламаны катыстырып, бірқатар практикалық сабақтар өткізді.


Ұйымдастырушылар мен қатысушыларға тәжірибе алмасу және ынтымақтастық үшін үлкен алғысымызды білдіреміз!
SauattyKeleşek жобасы туралы толығырақ https://www.instagram.com/sauatty.keleshek/

Жоба "Назарбаев Университет" ДББҰ Әлеуметтік даму қорының қолдауымен жүзеге асады.


Фото https://web.facebook.com/Nazarbayev.University.Library

    Source:
  • -
◄ Артқа