Оқу бөлмесіне осы жерден тапсырыс беріңіз.

ОҚИҒАЛАР КҮНТІЗБЕСІ

NURIA

 

Жаңалықтар мен оқиғалар

Кітапхана ашылады

НУ кітапханасы бейсенбі, 23 қыркүйектен бастап, қайта ашылатынын хабарлаймыз.

Жұмыс уақыты:

Дүйсенбі -жұма, 8:30 - 17:15 (кезекші кітапханашылармен және ашық кітап сөрелерімен)
24/7 - НУ кітапханасының Бас ғимаратының (5E блогы) және Медицина мектебiнiң кітапханасының оқу бөлмелері (кітап сөрелері жабық)

Бейсенбі, 23 қыркүйектен бастап, кітап жеткізу қызметі Қабанбай батыр даңғылындағы күзет қақпасы арқылы кампусқа кіре алмайтын пайдаланушыларға ғана қолжетімді болады.

Толық аты-жөніңізді, ID нөмірін, кітап атауын және кодын library@nu.edu.kz электронды поштасына жіберіңіз және кітапханашының жауабын күтіңіз.

Кітапхананың 4 қабатында орналасқан жеке оқу бөлмелер брондау жөніндегі нұсқаулыққа сәйкес жүйе арқылы брондауға ашық (ақпарат room_booking@nu.edu.kz электронды поштасынан жіберілген).

Жеке оқу бөлмесiн дүйсенбіден жұмаға дейін, сағат 9.00-ден 17.00-ге дейін брондауға болады. Бір адамға бөлме тәулігіне 4 сағатқа дейін берiледi.

Брондалған бөлменің кілтін 3 қабаттағы  оқу залындағы қызметкерден алып, қайтаруға болады.
    Source:
  • -
◄ Артқа