10.02.2015
Оксфорд Онлайн Тілдер Сөздігіне уақытша жазылым
Инновациялық
Оксфорд Тілдер Сөздіктері сайты осыған дейін онлайн болмаған елеулі тілдік
ресурстарды ұсынады: кеңейіп келе жатқан
тілдер диапазонын қолдану және зерттеуге қосымша жәрдем беретін, толығымен іздеуге
мүмкін, абсолютті жан-жақты қос тілдік сөздіктер және ерекше зерттеу
материалдары. Сіз Оксфорд қос тілдік сөздіктерін арқа сүйей алатын нақты,
өзекті аударманы алу үшін қарастыра аласыз. Бірнеше озат ерекшеліктері:
контекстілік мысалдарды қолдана отырып, дұрыс сөзді немесе сөз тіркесті
таңдай аласыз; сөздердің оқылуын есту үшін айтылуын тыңдай аласыз; белгілі бір сөз
таптарымен шектеліп немесе сөздіктің
толық мәтінін іздеу үшін кеңейтілген
іздеу опциясын қолдана аласыз. Бұл қор сондай-ақ жазуда тәжірибелік көмек көрсету
үшін қалыптық хаттар, электрондық хаттар, резюме және биографияларды қосатын жүздеген
корреспонденция үлгілеріне қолжетімділікті қамтамасыз етеді.
Сіз толығырақ ақпаратты сайттан оқи аласыз.
global.oup.com/oldo/about/
Алайда, біздің жазылым тек ағылшынша-орысша және орысша-ағылшынша жазылымды құрайтынын ескеруіңізді сұраймыз.