Оқу бөлмесіне осы жерден тапсырыс беріңіз.

ОҚИҒАЛАР КҮНТІЗБЕСІ

NURIA

 

Жаңалықтар мен оқиғалар

Оксфорд Онлайн Тілдер Сөздігіне уақытша жазылым

Инновациялық Оксфорд Тілдер Сөздіктері сайты осыған дейін онлайн болмаған елеулі тілдік ресурстарды ұсынады:  кеңейіп келе жатқан тілдер диапазонын қолдану және зерттеуге қосымша жәрдем беретін, толығымен іздеуге мүмкін, абсолютті жан-жақты қос тілдік сөздіктер және ерекше зерттеу материалдары. Сіз Оксфорд қос тілдік сөздіктерін арқа сүйей алатын нақты, өзекті аударманы алу үшін қарастыра аласыз. Бірнеше озат ерекшеліктері: контекстілік мысалдарды қолдана отырып, дұрыс сөзді немесе сөз тіркесті таңдай аласыз; сөздердің оқылуын есту үшін айтылуын тыңдай аласыз; белгілі бір сөз таптарымен шектеліп немесе  сөздіктің толық мәтінін іздеу  үшін кеңейтілген іздеу опциясын қолдана аласыз. Бұл қор сондай-ақ жазуда тәжірибелік көмек көрсету үшін қалыптық хаттар, электрондық хаттар, резюме және биографияларды қосатын жүздеген корреспонденция үлгілеріне қолжетімділікті қамтамасыз етеді.

Сіз толығырақ ақпаратты сайттан оқи аласыз.

global.oup.com/oldo/about/

Алайда, біздің жазылым тек ағылшынша-орысша және орысша-ағылшынша жазылымды құрайтынын ескеруіңізді сұраймыз.

    Source:
  • -
◄ Артқа