Оқу бөлмесіне осы жерден тапсырыс беріңіз.

ОҚИҒАЛАР КҮНТІЗБЕСІ

NURIA

 

Жаңалықтар мен оқиғалар

Research Methods Library of Alexandria



Питтсбург университетінің (АҚШ) және жаңа Александрия кітапханасының (Мысыр) ғалымдарынан құрылған топ ғылыми тәсілдер мен статистика жөніндегі мағлұматтармен бөлісу бастамасын қолға алды.

Ғылыми тәсілдер мен статистиканы орынды қолдану ғылыми-зерттеу жұмыстары барысында маңызды орын алады. Ғылыми-зерттеу жұмыстарының тиімділігі және ғалымның нәтижелілік көрсеткіші басылып шығатын мақалалардың санымен және сапасымен бағаланады. Ғалымдардың 27%-ы дамушы елдерде тұратынына қарамастан, өкінішке орай, дамушы елдерден келетін мақалалардың саны дүниежүзілік ғылым әлемінің тек 3%-ын ғана құрайды.  Статофобия төмен басылымдылықтың негізгі себебі болып табылады. Басып шығаруға қабылданбайтын мақалалардың 80%-ы әлсіз ғылыми тәсілдерді қамтиды.

 

Аталған жобаның мақсаты Александрия  кітапханасында орын алатын ғылыми тәсілдер және статистика бойынша қорлары жайында ғалымдарды, оқытушыларды және студенттерді хабардар ету. Келесi сiлтеме бойынша сіздер ғылыми тәсілдер мен статистика бойынша ауқымды мәліметтер топтамасын таба аласыздар:

·         Жиі қойылатын сұрақтар

·         Help Desk арқылы сарапшыларға сұрақ қою мүмкіндігі

·         Сарапшылардың 1000-нан астам дәрістері

·         8 тілде жүргізілген сауалнамалар мысалдары

·         Ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізудің арнайы ұсыныстары

·         және т.б.

 

Сіздерді аталған мәліметтермен ары қарай бөлісуге және жобаға қатысуға шақырамыз.

    Source:
  • -
◄ Артқа