09.11.2021
Кітапханалық Технологиялар Мектебі 2021
Назарбаев Университеті Кітапханасы жоғарғы оқу орны кітапханаларының қызметкерлерін Кітапханалық Технологиялар Мектебі-2021 (КТМ) атты біліктілікті арттыруға арналған жыл сайынғы іс-шара аясында өтетін онлайн-семинарға шақырады:
Ақпаратты ұйымдастырудың халықаралық заманауи қағидалары мен стандарттарын енгізу тәжірибесі. Деректерді басқару.
7-8 желтоқсан, 2021 | 13.00 - 16.00
Онлайн-семинарға қатысушылар:
- Каталогтаудың халықаралық стандарттарын енгізу, сандық қорларды және мета деректер саласындағы жобаларды басқару тәжірибесімен;
- Латвия, Литва, Ресей, Украина және Қазақстан кітапханаларының мысалында ақпаратты ұйымдастыруға COVID-19-дың тигізген әсерімен таныс бола алады.
Семинарға қатысу тегін.
Толық ақпарат пен тіркеу сілтемелері іс-шараның веб-сайтында қолжетімді.