Оқу бөлмесіне осы жерден тапсырыс беріңіз.

ОҚИҒАЛАР КҮНТІЗБЕСІ

NURIA

 

Жаңалықтар мен оқиғалар

Жұмыс тәртібі

Ең алдымен, сіздерді жаңа семестрдің басталуымен құттықтағымыз келеді!

НУ басшылығының шешімімен кітапхана қосымша ескертуге дейін жабық болады және COVID-19 пандемиясына байланысты ахуал жақсарған жағдайда ашылады.

Келесi маңызды жаңалытарға назар аударыңыз:

- Кітап жеткізу қызметі мұғалімдерге дүйсенбіден жұмаға дейін қол жетімді болады.

- Күзгі семестрге арналған оқулықтар мұғалімдер өтініші бойынша берiледi. (Мұғалімдер курс туралы, тіркелген студенттердің тізімін және қажетті оқулықтар ақпаратын мектептің пән кітапханашысына жіберуі керек. Мұғалімдер тізіміндегі студенттерге кітапхана қызметкерлері оқулықтарды жеткізу немесе алу жолдары туралы хабарлайды).

Біз сізге басқа кітапхана ресурстары мен қызметтері туралы еске салғымыз келеді:

- Жаңа пайдаланушыларға арналған кітапхана ресурстары мен қызметтеріне бейнешолуларды мына сiлтемеден табасыз.

- Ғылыми және білім беру деректер қорының кең спектрі, оның ішінде электронды кітаптар мен электронды журналдарға жазылу, сынақ нұсқалары мен ашық қолжетімді ресурстары, сонымен қатар анықтамалық және аналитикалық құралдар - толық тізім мына сiлтемеде

- Сонымен қатар, сіз кітапханалар жинағында жоқ басылымдарға немесе кітап тарауларына тапсырыс беру үшін Кітапханааралық алмасу/Құжаттарды жеткізу (ILL) қызметін пайдалана аласыз. 

Егер сұрақтарыңыз болса, мектебiңiздiң пән кітапханашысына хабарласыңыз. Олардың тізімін мына сiлтемеден табасыз.

Жалпы сұрақтар бойынша келесi электронды поштаға хабарласыңыз: library@nu.edu.kz
    Source:
  • -
◄ Артқа