Абонемент/Абонементті жаңарту/Қайтару
Кітапханада зерттеу мен оқуға арналған материалдардың, сонымен қатар көркем әдебиеттің кең жинағы бар. Кітаптардың басым бөлігі ашық сөрелерде орналасқан, бұл студенттерге, оқытушыларға және қызметкерлерге мыңдаған басылымдарға оңай қол жеткізуге мүмкіндік береді.

Абонемент қызметі университеттің ағымдағы студенттеріне, оқытушыларына және қызметкерлеріне қол жетімді. Егер сізде сұрақтар туындаса, кітапханашыға хабарласыңыз.
Абонемент үшін кітаптар санына шектеулер бар:
  • бакалавр — 10 (семестрге алынған оқулықтардан басқа);
  • магистратура, докторантура — 25;
  • оқытушылар мен зерттеушілер — 25;
  • қызметкерлер — 10
Пайдаланушының жеке кабинетінде келесі мүмкіндіктерді беріледі:
  • Кітапханадан алған кітаптарды қайтару мерзімдерін қарау және жаңарту
  • Резервтеріңіздің статусын тексеру
  • Оқулықтар пакетіндегі кітаптарды тексеру

Жоғалған кітаптар үшін айыппұлдар мен төлемдер


Қайтару мерзімі өткен кітаптар
Қазіргі уақытта кітапхана кітаптарды қайтаруды кешіктіргені үшін ешқандай айыппұл алмайды. Дегенмен, пайдаланушыға басқа кітапхана материалдарын алуға шектеу қойылады.

Жоғалған, бүлінген кітаптар немесе басқа кітапхана материалдары.
Пайдаланушы жоғалған немесе бүлінген материалдарды төлеуге немесе оларды дәл сондай материалмен бірдей бағада ауыстыруға міндетті. Осы сұрақ бойынша төмендегі мекен-жайға хабарласыңыз:
  • 2 және 3 қабаттардағы абонементтер
  • эл. пошта: library@nu.edu.kz
  • тел +7 (7172) 70-62-55