Кітапхана тарихы

НУ кітапханасы 2010 жылдың қыркүйегінде құрылды. Үнемі дамып келе жатқан кітапхана университеттің интеллектуалды өмірінің орталығына айналды.
2024
2024
Кітапханада ақпараттық-библиографиялық кеңсені трансформациялау нәтижесінде Кітапханадағы оқу және оқытуды қолдау кеңсесі ашылды.
2023
2023
НУ Кітапханасы қолданыстағы кітапхана каталогын жаңа Alma платформасына ауыстырды. Primo жүйесі, Alma платформасының іздеу интерфейсі — бұлтты технологиялар мен адаптивті веб және мобильді дизайнді қолданудын заманауи шешімі. Primo көмегімен пайдаланушылар университеттің кампусында да, одан тыс жерлерде де кітапхана ресурстарын ыңғайлы түрде зерттей алады.

НУ Кітапханасының командасы 2023 NU Teaching Award for Sharing NU Experience сыйлығымен марапатталды.

Кітапханада Цифрландыру кеңсесін трансформациялау нәтижесінде жаңа Кітапханадағы зерттеулерді қолдау кеңсесі ашылды.
2022
2022
Кітапхана туралы сұрақтарға кез келген уақытта нақты және дұрыс жауап беретін NURIA (Nazarbayev University Reference and Information Assistant) виртуалды көмекшісі енгізілді.

ASEAN кітап бұрышы ашылды. Қызыл лентаны қию ресми рәсіміне доктор Мохамад Фаджроэль Рахман (Индонезия Республикасының ҚР-дағы Елшісі), Жоғары Мәртебелі Дато Сайед Мохамад Бакри бин Сайед Абд Рахман (Малайзия Елшісі), Жоғары Мәртебелі ФАМ Тай Нху май (Вьетнам Социалистік Республикасының ҚР-дағы Елшісі) және доктор Оратая Пубунлапа Гунасилананың сенімді өкілі (Тайланд Корольдігінің Елшілігі) қатысты.
2021
2021
Медиа және ақпараттық сауаттылық бойынша жобаларды іске асыру үшін НУ Әлеуметтік даму қорының бірінші гранты алынды.

Назарбаев Университеті Кітапханасының виртуалды ақпараттық жарысы (InfoLit Race Challenge) инновациялық халықаралық жобалары үшін американдық кітапхана қауымдастығының (ALA) беделді Президенттік сыйлығымен марапатталды.
2020
2020
Еуразиялық академиялық кітапханалар конференциясы (EALC) алғаш рет онлайн форматта өтті.

"NULITS" ЖМ трансформациясы және НУ кітапханасының университет құрамына кіруі.
Кітапхананың Тұрақты даму мақсаты туралы екінші жазбасы ИФЛА (Library Map of the World) журналында жарияланды.

Оқу залдарында кітаптарды тез дезинфекциялауға арналған санитарлық машиналар орнатылды.
2019
2019
ИФЛА кітапханаларының әлемдік картасында НУ кітапханасы туралы сторителлинг жарияланды.

Академиялық кеңес Назарбаев Университеті қауымдастығындағы ашық және тұрақты ғылыми коммуникацияны қолдау үшін ашық қол жеткізу саясатын бекітті.

Кітапханада Pep Corner ашылуы біздің келушілерге демалуға, идеяларды бірлесіп құруға және академиялық жұмыс күнінде жинақталған стрессті шешуге мүмкіндік берді.

Есту қабілеті бұзылған пайдаланушылармен қарым-қатынас жасау үшін "Исток А2" портативті ақпараттық-индукциялық жүйесі сатып алынды, сондай-ақ қимыл аппараты бұзылған пайдаланушылар үшін жұмыс орны жабдықталды.

НУ Кітапханасы қызметкері ерекше қажеттіліктері бар адамдар үшін жағдай жасау жөніндегі НУ Тұжырымдамасын әзірлеуге қатысты.
2018
2018
Кітапханада Корей бұрышы ашылды.

Көпфункционалды бөлмелері бар кітапхананының жаңа кеңістігі ашылды.

Ассистивті технологиялар кеңсесі ашылды.

Кітаптарды жеткізу және брондау қызметтері іске қосылды.

Ақпараттық сауаттылық бойынша алғашқы кітапханалық жарыс “Library Info-Lit Race Challenge” өтті.

Медиа және ақпараттық сауаттылық бойынша Бірінші Форум өтті.

Төрт модульді ақпараттық сауаттылықтың жаңа Бағдарламасы енгізілді.

БҰҰ-ның 2030 жылға дейінгі кезеңге арналған күн тәртібі бойынша Орталық Азия қоғамдық кітапханаларының кітапханашылары үшін екі күндік тренинг өткізуге ИФЛА кітапханаларының мүдделерін қорғау жөніндегі Халықаралық бағдарламаның гранты алынды.

Тәулік бойы (24/7) жұмыс кестесі енгізілді.

Scopus Award 2018 марапаттау рәсімінде Elsevier халықаралық компаниясының "Жылдың үздік кітапханасы - 2018" сыйлығы.
2017
2017
Медицина мектебінің кітапханасы ашылды.

“Кітапханашыдан сұра” қызметіне арналған Springshare LibAnswer қосымшасы енгізілді.

"Кітапханашымен кездесуді жоспарлау" қызметі қосылды.

GenCon-мен серіктестікте Әйелдер Апталығы өтті.
2016
2016
"Кітапты ұсынамын" атты жаңа қызмет енгізілді.

"Кітапханалық технологиялар мектебі" атты алғашқы семинар — академиялық кітапханалар қызметкерлерінің біліктілігін арттыруға бағытталған бір апталық іс-шара өтті.

ArtLit I — кемелдікке ұмтылған "ақылды оқырманның" (Homo legens) сұлулығына және кескіндеме мен фотосуреттерде ұсынылған өткен мен қазіргі бейнелер арасындағы ішкі үйлесімділікті іздеуге арналған арт-жоба.

Алғашқы жанды кітапхана іс-шарасы өтті.
2015
2015
Кітапхана қорын реттеу үшін Конгресс кітапханасының жіктеу жүйесі енгізілді, ол әмбебап ондық жіктеу жүйесін алмастырды.

Электрондық ресурстарды бір іздеу жүйесінде біріктіретін EBSCO іздеу қызметі іске қосылды.
2014
2014
Университет Репозиторийінің сайты құрылды, сондай-ақ тиісті нормативтік құжаттар бекітілді.
2013
2013
ProQuest электрондық ресурстарды іздеу жүйесі енгізілді.

НУ Кітапханасының алғашқы дайджест нөмірі шығарылды. Жаңа ресурстар мен қызметтерге шолу жасайтын пайдаланушылар үшін тұрақты жаңалықтар дайджесті 2016 жылға дейін шығарылды.

Қазақстандық кітапханашылар үшін тәжірибе алмасу бағдарламасының бастамасы болған алғашқы тренинг өткізілді.
2012
2012
Кітапхана халықаралық кітапханалық қауымдастықтар мен мекемелер Федерациясының (ИФЛА) мүшесі болды.

Цифрландыру орталығы құрылды.

Кітапхана Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындары кітапханалары қауымдастығының мүшесі болды.

"Орталық Азия" бойынша микрофишалардың алғашқы топтамасы келіп түсті.

НУ қауымдастығы үшін кітапханааралық абонемент қызметі іске қосылды.

Зерттеу жүргізуге және пән немесе оқу курсы бойынша ресурстарды табуға көмектесетін веб-парақшалар мен нұсқаулықтарды жасау үшін Libguides платформасы іске қосылды.
2011
2011
Кітапхана комитеті құрылды.

Кітапхана бөлімдері арасында кітаптарды жылжыту үшін монорельсті көлік жүйесі (МТС) енгізілді.

"Кітапханашыдан сұра" қызметі іске қосылды.

Кітаптарды цифрландыру үшін алғашқы сканер келді.

Назарбаев Университетінің қауымдастығы үшін ресурстар, қызметтер, статистика және жобалар ұсынылған кітапхана қабырғасынан тыс өтетін "Library Roadshow" іс-шарасы өткізіліп бастады.
2010
2010
НУ Кітапханасының ашылуы.

Кітапхана қорына алғашқы 200 кітаптың келуі.

Көпшілікке ашық қол жетімді каталог ұсынылды.

Деректер базасына жазылу ашылды.

RFID жүйесі негізінде сәйкестендірудің соңғы технологиялары қолданылды.

Көмекші технологиялардың алғашқы жабдықтары (цифрлық тифлокешен) келіп түсті.

Автоматты кітап шаңсорғыш сатып алынды.