Бас кітапхана мен Медицина мектебі кітапханасы кітапхананың баспа жинақтарына қол жеткізуге мүмкіндік береді.
Бас кітапхана жинағы
Кітапханада НУ-дағы зерттеулер мен оқытудың барлық бағыттарын қолдайтын 240 000-нан астам баспа томдары сақталған. Жыл сайын жинақ пәндік кітапханашылар таңдаған жаңа кітаптармен, сондай-ақ НУ оқытушыларының, зерттеушілерінің және студенттерінің ұсыныстары негізінде белсенді түрде толықтырылады.
Кітаптар екінші және үшінші қабаттардың ашық сөрелерінде орналасқан. Кітаптарды ретке келтіру үшін Конгресс кітапханасының жіктеу жүйесі қолданылады. Қажетті кітапты табу үшін Primo пайдаланыңыз. Кітаптың қол жетімді екеніне көз жеткізіп, оның орналасқан жері мен кодын жазып алыңыз. Жинаққа әртүрлі тілдердегі, негізінен ағылшын, қазақ және орыс тілдеріндегі кітаптар кіреді.