Мекен-жайы және жұмыс уақыты

Кітапхана 2010 жылы НУ қауымдастығының зерттеу және ақпараттық қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін құрылған. Кітапхана қоры 250 000-ға жуық баспа томдары, сонымен қатар электронды кітаптар мен журналдар, микрофишалар, DVD дискілері және электронды мәліметтер базасын қамтиды. Қордың басым бөлігі ағылшын тілінде жинақталған. Бұл Орталық Азиядағы ең озық академиялық кітапханалардың бірі. 2018 жылы НУ Кітапханасы бірінші болып оқырмандарына аптасына 7 күн тәулік бойы қол жеткізуді ұсынды. 2023 жылы НУ Кітапханасы Қазақстандағы Alma және Primo жаңа кітапхана жүйелері енгізген алғашқы кітапхана болды.

Кітапхана үнемі пайдаланушылармен өзара әрекеттесіп, "Кітапханалық роуд-шоу", "Ақпараттық жарыстар", "Әйелдер апталығы" бағдарламаларын және университет қауымдастығы арасында үлкен сұранысқа ие басқа да көптеген қызықты іс-шараларды ұсынады. Назарбаев Университетінің кітапханашылары Қазақстанның басқа кітапханашыларымен өз білімдері мен тәжірибелерімен белсенді және тиімді бөліседі, сондай-ақ кітапхана-ақпараттық бейіндегі студенттерге тағылымдамадан өту бағдарламаларын ұсынады. Сонымен қатар, НУ кітапханашылары мақалалар мен кітап тарауларын жариялайды, сонымен қатар кітапхана семинарлары мен конференцияларында баяндама жасайды.
Бас кітапхана
Блок 5,
Қабанбай батыр көшесі, 53,
Астана, Қазақстан, 010000
тел: +7 (7172) 70 46 40
Медицина мектебінің кітапханасы
Керей - Жәнібек хандар көшесі 5/1,
Астана, Қазақстан, 010000
тел: +7 (7172) 70 46 40
Жұмыс уақыты

Дүйсенбі – Жұма: 8:30-дан - 21:45-ке дейін
Сенбі - Жексенбі: 11:00-дан - 19:45-ке дейін