Оқу мен оқытуды қолдау
Курстар бойынша материалдар
Курс материалдары – бұл оқытушылар мен профессорлық-оқытушылық құрамға арналған кітапхана қызметі, ол студенттерге оқу материалына семестр бойы қолжетімділікті қамтамасыз ету үшін жасалған.
Осы материалдарға NU кітапханасы арқылы электронды немесе баспа түрінде қол жеткізуге болады.
Курс материалдары — пән бойынша оқылуы тиіс міндетті әдебиеттер:
Қысқа мерзімді абонемент (Short Loan)
  • Шектеулі мерзімге
  • 2 сағаттан бір күнге дейін
  • алуға болатын материалдар.
Оқулық
Оқулықтар семестр бойына (шамамен 120–150 күн) пайдалануға беріледі. Оқулықтар «бірінші келген — бірінші алады» қағидасы бойынша ұсынылады, ал онлайн оқу құралдарына Moodle арқылы берілетін жеке қолжеткізу коды немесе сілтеме арқылы қол жеткізуге болады.

Курс материалдарын резервтеу

Материалдарды резервке жіберу және оларды сатып алуға өтініш беру тәртібі

  • Өтінеміз, курс материалдарын резервке қоюға арналған өтініш формасын толтырыңыз немесе coursereserves@nu.edu.kz электрондық поштасына хабарласыңыз.
  • Егер материалдарыңызды Резервке орналастырғыңыз келсе, оларды “жеке материал” ретінде белгіленген күйде өзіңізге тағайындалған пән кітапханашысына жеткізіңіз. Материалдар Резервте тұрған кезде олардың жоғалуы немесе бүлінуі үшін NU кітапханасы жауапты емес.
  • Егер материалды баспа және онлайн форматында орналастырғыңыз немесе Қысқа мерзімді абонемент сөрелерінде болуын қаласаңыз, бұл туралы Курс материалдар резерві  өтініш формасында нақты көрсетуге болады.
  • Егер кітапханада қажетті материал жоқ екенін білсеңіз, біз оны сатып ала аламыз және ол автоматты түрде Резерв сөрелеріне қосылады. Сатып алу өтінішін беру үшін Сатып алу өтініш формасын пайдаланыңыз.

Cұрақ/жауап