НУ-дың стратегиялық дамуы аясында кітапхана академиялық мекемелерде кітапханатану тәжірибесімен белсенді түрде бөліседі. Біз озық тәжірибелермен алмасу, білім беру мекемелерімен және мемлекеттік органдармен қарым-қатынасты дамыту, өмір бойы білім алу мен білім беру секторын жетілдіруге жәрдемдесу алаңын қамтамасыз ету үшін жыл сайынғы Қазақстандағы ең ірі іс-шараларды өткіземіз.
Еуразиялық Академиялық Кітапханалар Конференциясы
Бұл тәжірибе мен практикалық шешімдермен бөлісуге, кәсіби тақырыптарды талқылауға және бір-біріне қолдау көрсетуге арналған форум.
Еуразиялық кітапханалар тренингі
Кітапханаларының басқарушылары мен мамандарының лидерлік және кәсіби құзыреттерін дамыту және шыңдау, жаңа идеялар ойлап табуға ынталандыру, ақпараттық-кітапханалық қызмет көрсетудің заманауи, инновациялық технологиялары мен түрлерін енгізу.