НУ Кітапханасы сұраныс хат негізінде келесі келушілер үшін ашық:
- тиісті шарт немесе Меморандум жасасқан білім беру мекемелері мен ұйымдарының қызметкерлері мен студенттері;
- Кітапхана ресурстарын пайдаланудың мақсаттары мен мерзімдерін көрсете отырып, тиісті мекемеден / ұйымнан хат ұсынған өзге тұлғалар;
- семинарларға, конференцияларға және кеңестерге қатысу үшін Университетке қысқа мерзімге келген келушілер;
- Университеттің оқытушы-профессорлар құрамының, қызметкерлері мен студенттерінің отбасы мүшелері
- университет оқытушыларының, қызметкерлерінің және студенттерінің отбасы мүшелері (14 жастағы және одан кіші оқырмандар ересек адамның еріп жүруімен ғана Кітапханаға келуі керек).
Кітапханаға сұраныс
Сұраныс хатты жіберу үшін келесі талаптарды орындау қажет:
- Ресми бланкті пайдалану;
- НУ Кітапханасы директорының міндетін атқарушы Толкын Джангулова атына кітапханаға қолжетімділікті беру туралы сұраныс хатын жолдау;
- Хатты сұраныс берушінің деканы немесе ғылыми жетекшісі тарапынан мақұлдау міндетті;
- Зерттеу тақырыбын немесе келу мақсатын, сондай-ақ болжамды мерзімін нақты көрсету;
- Мектеп оқушылары үшін (тек 9–12 сыныптар): НУ Кітапханасына келудің нақты күндері мен уақытын көрсете отырып, мектеп директорының атына ата-анасының немесе қамқоршысының рұқсат хаты болуы міндетті. Бұл құжат сұраныс хатымен бірге ұсынылуы тиіс;
- Сұраныс хаттың қол қойылған скан-көшірмесін nu@nu.edu.kz электрондық поштасына жіберу;
- Хаттың түпнұсқасын Құжаттама бөліміне жолдау (Қабанбай батыр даңғылы, 53, C2 блогы, 2017 кабинет).
СҰРАНЫС ХАТ ЖІБЕРУ КІТАПХАНАҒА ҚОЛЖЕТІМДІЛІКТІҢ АВТОМАТТЫ ТҮРДЕ БЕРІЛУІН БІЛДІРМЕЙДІ.
Кітапхана сұраныс хаттың мәртебесі туралы сіз көрсеткен электрондық пошта мекенжайы арқылы хабарлайды.
Қолжетімділікке ие болған уақытша оқырмандар:
- Уақытша оқырмандар кітапхананың баспа қорын (тек оқу залында оқу үшін) және кітапхана кеңістіктерін пайдалана алады;
- Электрондық ресурстарға қолжетімділік лицензиялық келісімдер мен ақпараттық қауіпсіздік шараларына сәйкес шектелуі мүмкін;
- Брондауды қажет ететін бөлмелер уақытша оқырмандарға, соның ішінде түлектерге де, қолжетімсіз;
- Кітапхананың ассистивті/көмекші технологиялары мүмкіндігі шектеулі уақытша оқырмандарға қолжетімді, алайда оларды пайдалану туралы сұраныс хатта алдын ала көрсетілуі тиіс.
Уақытша оқырмандар міндетті:
- кітапханаға кірген кезде тіркеу үшін жарамды жеке басын куәландыратын құжатты көрсетуге;
- 2-ші немесе 3-ші қабаттағы (5-блок) оқу залдарындағы Қызмет көрсету үстелінде тіркелуге;
- НУ Кітапханасының барлық Ережелері мен Нұсқауларын сақтауға;
- кітапханаға тек ресми жұмыс уақытында келуге (кітапхананың басты веб-парақшасында көрсетілгендей).
Маңызды ескертулер:
- емтихан кезеңдерінде және НУ-дың ірі іс-шаралары кезінде кітапханаға қолжетімділік шектелуі мүмкін;
- кітапханада уақытша оқырмандар үшін жеке заттарды сақтауға арналған орын ұсынылмайды;
- уақытша оқырмандар жеке заттарын қараусыз қалдырмауы тиіс, себебі кітапхана қызметкерлері олардың сақталуына жауапты емес.